Астанада дрифт жасаған екі жүргізуші он күнге қамалды

Полиция қала көшелерінің жарыс алаңы емес екенін ескертеді

Астанада дрифт жасаған екі жүргізуші он күнге қамалды
Фото: скриншот

Түн ортасында көшеде дрифт ұйымдастырған екі жас жігіт әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен олардың әрқайсысы 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Polisia.kz мәліметінше, сағат 00:30 шамасында Ш. Қалдаяқов көшесінде Chevrolet автокөлігінің жүргізушісі қауіпті маневр орындаған. Полиция қызметкерлері жедел тексеру жүргізіп, оқиғаға 20 және 22 жастағы екі азаматтың қатысы бар екенін анықтаған.

Оқи отырыңыздар: Астанада төрт iPhone «сатқан» жігіт үш жылға сотталып кетті

«Тексеру нәтижесінде олардың әрекетіне қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес шара қабылданды. Полиция қала көшелері жарыс алаңы емес екенін ескертеді. Дрифт жасау, қауіпті маневрлер орындау және жол қозғалысы ережелерін елемеу басқа да адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Әрбір жүргізуші көлік тізгініне отырған сәттен бастап өз өмірімен қатар, айналасындағылардың қауіпсіздігіне де жауапты екенін ұмытпауға тиіс», - деп ескертеді рolisia.kz.

Біздің Instagram және TikTok желісіндегі парақшаларымызға жазылыңыздар.

Мақалада
#Астана #жол #дрифт