Астанада төрт iPhone «сатқан» жігіт үш жылға сотталып кетті
Ол Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны болған
Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны интернеттегі алаяқтығы үшін үш жылға сотталып кетті. Ол интернет арқылы жарнама беріп, iPhone смартфондары үшін алдын ала төлем қабылдаған. Алайда, қолында тауары, ал өзінде тауарды шын жеткізіп беру туралы ниеті болмаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы хабарлап отыр. Айта кетейік, сот прокуратураның талабы бойынша 31 жастағы жігітті бас бостандығынан айырып отыр.
«Ол алаяқтық схемасын әзірлеп, ол сенгіш азаматтардан алдын ала төлем алып, кейін тауарды жіберуді ойламастан, олардың телефон нөмірлерін бұғаттап, ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, 3 жылға сотталды», - деп хабарлайды прокуратура.
Дереккөзге сүйенсек, жігіт жалпы төрт адамды алдаған. Оның біреуі – кәмелет жасына толмаған жасөспірім болған. Олар алаяққа бас-аяғы 1 млн 50 мың теңге аударған.
