Алматыда такси жүргізушісі 15 жастағы жасөспірімге тиісіп, бетінен сүйгісі келген - полиция дабыл қақты

Ол қызды көліктен шығармай қойған

Алматыда такси жүргізушісі 15 жастағы жасөспірімге тиісіп, бетінен сүйгісі келген - полиция дабыл қақты
Фото: ЖИ арқылы жасалды

Алматыда 15 жастағы қызға такси жүргізушісі тиісіп, жыныстық сипаттағы заңсыз әрекеттер жасаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жәбірленушінің айтуынша, такси жүргізушісі оған рұқсатсыз қол тигізіп, көліктен шығармай қойған. Тіпті сүйіп алуға дейін оқталған. Бұл жағдайдан кейін қыздың анасы Алмалы аудандық полиция басқармасына арызданды.

Оқи отырыңыздар: «Балаңды алып кетеміз деп қорқытты»: әлеуметтік желі жұлдызына айналған экс-мұғалім бастан кешкен оқиғасын айтып берді

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жауапты органның хабарлауынша, кәмелетке толмағандарға қатысты кез келген заңсыз әрекет олардың бақылауында болады.

«Бұл дерек бойынша бірден сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктінің жеке басы анықталып, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың құқықтарын қорғау – біздің жұмысымыздың басты басымдығы», – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан.

Айта кетейік, бүгін түнде Алматының Бостандық ауданында бес адамның өмірін қиған өртке қатысты жаңа дерек пайда болды. Тәуелсіз журналист Михаил Козачковтың мәліметінше, жатақхананы белгісіз әйел әлдекімдерден кек алу үшін қасақана өртеуі мүмкін.

Біздің Instagram және TikTok желісіндегі парақшаларымызға жазылыңыздар.