$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.08.2020, 13:45
Жаңалықтар

Алматы облысының бас санитар дәрігері тағайындалды

Ол 10 шілдеде қайтыс болған Қайрат Баймұхамбетовтың орнына тағайындалды

Алматы облысының бас санитар дәрігері тағайындалды
Фото: facebook.com/ZhetysuPress/

Алматы облысында Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің жаңа басшысы болып Ерғали Сыдыманов тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ерғали Жақсыбекұлы 1970 жылдың 7 сәуірінде Қарағанды облысы Қарағанды қаласында дүниеге келген.

1996 жылы С.Д. Асфендияров атындағы Алматы мемлекеттік медицина институтын, 2004 жылы М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін дәрігер-гигиенист, эпидемиолог және заңгер мамандықтары бойынша тәмамдаған.

2020 жылы «Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетін» бітіріп, Денсаулық сақтау магистрі атағын алды.

Еңбек жолын 1987 жылы Жамбыл қаласында жедел жәрдем бөлімінің санитары болып бастаған.Кейін Жамбыл облысы Коммуналдық гигиена бөлімінің меңгерушісі ретінде қызмет атқарған.

1999 жылы Атырау қаласы бас дәрігерінің СЭС орынбасары болып тағайындалды.

2000 жылы Атырау қалалық санитарлық эпидемиологиялық станциясының бас дәрігері қызметінде болған.

2003 жылы Талдықорған қалалық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы бастығының міндетін атқарушы, 2005-2019 жылдар аралығында- Алматы облыстық Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы қызметінде болды.

2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Манғыстау облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы болған.

Еске сала кетейік, 10 шілдеде бұған дейін Алматы облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері болған Қайрат Баймұхамбетов қайтыс болған еді.

Серіктес жаңалықтары