12.08.2020, 09:01
Жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда 1,5 миллиард теңгеге крематорий салынады
Нысан 2022 жылы пайдалануға берілмек
Фото: ашық дереккөзден
Нұр-Сұлтанда 1,5 миллиард теңгеге крематорий салынады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Ашық бюджеттер» порталына сілтеме жасап.
Зираты бар крематорий құрылысы биыл басталады. Ал 2022 жылы нысан пайдалануға берілмек. Жобаның жетекшісі – Нұр-Сұлтан қаласының құрылыс басқармасы мен ведомство басшысы Сәкен Сәрсенғалиев.
Құрылысқа жергілікті және республикалық бюджеттен 1 миллиард 519 миллион 285 мың теңге немесе 3,6 миллион доллар бөлінеді. Жобаның мақсаты – дәстүрлі жерлеу орындары бар зираттардың аумағын азайту.
Жоба 5 тамызда жарияланған, көпшілік талқылауы 19 тамызда аяқталады.
Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді
05.10.2026, 13:46
Иран азаматтары Каспий теңізінде балық аулап жүріп, Қазақстан аумағына өтіп кеткен: олар 1 жылға сотталды
05.10.2026, 12:21
Қазақстанда алдағы күш күнде ауа райы 22 градусқа дейін жылы болады