Астанада 16 қарашада жарық уақытша өшіріледі

Елордадағы бірқатар тұрғын үй мен нысанда электр энергиясын беру уақытша тоқтатылады

Астанада 16 қарашада жарық уақытша өшіріледі
Фото: istockphoto.com

 16 қараша күні сағат 09:30-дан 11:00-ге дейін елорданың бірқатар көшесінде электр энергиясы болмайды. Уақытша шектеу электр желілерінің тіректерін түзету жұмыстарына байланысты енгізіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Астана әкімдігінің Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығына сілтеме жасап.

Жарық уақытша өшірілетін мекенжайлар:

  • Жылыбұлақ тұйық көшесі;
  • Сүткент тұйық көшесі;
  • Егінді тұйық көшесі;
  • Көкжиде тұйық көшесі;
  • Хайретдин Болғанбаев көшесі;
  • №135 көше.

Қалалық қызметтердің мәліметінше, электр энергиясын беру сағат 11:00-ге дейін қалпына келтірілуі жоспарланған. Алайда аталған көшелердегі нақты қай үйлер жарықсыз қалатыны нақтыланбаған.

Егер белгіленген уақыттан кейін электр қуаты қосылмаса, тұрғындар 109 нөмірі арқылы iKomek байланыс орталығына хабарласа алады.

Мақалада
#Астана #жарық