Тоқаев Палестина президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Тоқаев Махмұд Аббасқа және Палестина халқына ізгі тілегін білдіріп, екіжақты байланыстардың нығая беретініне сенім білдірді

Тоқаев Палестина президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Палестина президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Махмұд Аббас пен оның отандастарын Палестинаның Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Президент Палестина көшбасшысының бейбітшілік пен тұрақтылық жолындағы бағдары халық бірлігін сақтауға, ел егемендігін нығайтуға және әлеуметтік-экономикалық дамуға қызмет етіп, екіжақты қарым-қатынас өркендей беретініне сенім білдірді.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Махмұд Аббастың жауапты қызметіне табыс, ал Палестина халқына құт-береке тіледі.