Ерейментау қаласында ер адам металл конструкциялардың астында қалып қойған

Ол жедел жәрдем бригадасына тапсырылды

Ерейментау қаласында ер адам металл  конструкциялардың астында қалып қойған
Фото: ТЖМ

Ақмола облысы Ерейментау қаласындағы кәсіпорындардың бірінде ауыр жазатайым оқиға болды. ЖШС аумағында металл кесу жұмыстарын жүргізу кезінде құрылғылар құлап, ер адам металл конструкциялардың астында қалып қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өздігінен шыға алмаған зардап шеккен азаматқа құтқарушылардың жедел көмегі қажет болды. Оқиға орнына дереу жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары арнайы құрал-жабдықтардың көмегімен ер адамды ауыр металл арқалықтардың астынан аман-есен алып шықты. Кейін ол жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.

Төтенше жағдайлар министрлігі өндірістік және монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы талаптарын қатаң сақтауға шақырды.