ҰҚК «Еңбек» кәсіпорнының басшылығына қатысты тергеу жүргізіп жатыр
ҰҚК тергеу жүріп жатқанын хабарлады
Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Еңбек» РМК басшылығына қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Агенттік тілшісі осы жағдайға байланысты ҰҚК-ның баспасөз қызметіне жүгініп, мәселенің мән-жайын анықтады.
«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – деп ҰҚК қысқа қайырды.
«Еңбек» РМК – ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне қарасты шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын. Ол түрмелерде жазасын өтеп жатқандарды жұмыспен қамтамасыз етіп, олардың әлеуметтік оңалуына жағдай жасайды. Бұл кәсіпорынға Ермек Шұрманов жетекшілік етеді.
Айта кетейік, осыған дейін ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын ұстаған хабарланған.