Павлодар облысында ауа райы бұзылып, жолдар жабылады
7 және 8 қараша күндері Павлодар облысында ауа райы күрт төмендеп, жауын-шашын күтіледі
7 және 8 қараша күндері Павлодар облысында ауа райы күрт төмендеп, жауын-шашын күтіледі. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының айтуынша, өңірде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сондай-ақ синоптиктер желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге дейін күшейетінінескертеді. Ауа райының нашарлауына байланысты өңірдегі республикалық маңызы бар автожолдарда қозғалыс шектелуі немесе жолдар толық жабылуы мүмкін.
Қолайсыз ауа райына байланысты жол қызметтері жүргізушілерді сақтық шараларын күшейтуге шақырды. Автокөлік иелеріне жолда барынша мұқият болып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау ұсынылады.
Сондай-ақ қыс мезгілінің басталуына байланысты көліктердің дөңгелектерін қысқы шинаға ауыстыру қажеттігі ескертілді.
Бұған дейін 7 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланғаны хабарланған болатын. Кей өңірде желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жетіп, тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Сонымен қатар еліміздің бірнеше облысында жоғары және төтенше өрт қаупі сақталып отыр.