«ӘDІLЕТТІҢ 111+ шешімі»: ауыл кәсіпкерлерінің табысын арттыру үшін не қажет

Депутат еңбек адамдарымен кездесіп, Жолдаудағы негізгі міндеттерге тоқталды

«ӘDІLЕТТІҢ 111+ ШЕШІМІ» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының жаңа санында Құрылтай депутаты, «Әділет» фракциясының мүшесі, Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитетінің мүшесі Айсұлу Сүлеймен халықтық цифрлық экономиканы дамыту мәселесін көтерді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy  «ASTANA TV» арнасына сілтеме жасай отырып.

Депутат Tengri Tyres зауытының еңбек ұжымымен кездесіп, Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген негізгі міндеттерді түсіндірді. Кездесу барысында ол халықтық құрылыс бастамасы мен ұлттық цифрлық экономиканы қалыптастырудың маңызына тоқталды.

Айсұлу Сүлейменнің айтуынша, қазір жаңа технологиялар арқылы түрлі қызмет алып, қажет ақпаратқа қол жеткіземіз. Алайда цифрлық мүмкіндіктерді мұнымен шектемей, оларды табыс табудың тетігіне айналдыру қажет.

«Мәселен, ауылдағы кәсіпкерлер тауарын өзінің елді мекенін де ғана сатады. Ал цифрлық экономиканы дамыту арқылы олар өнімін басқа өңірдегі тұтынушыларға да ұсына алады.  Алайда мұндай сауданы жолға қою үшін интернет байланысын ғана реттеу, әрине жеткіліксіз. Кәсіпкерге онлайн төлем қабылдау жүйелері мен жеткізу қызметі де қажет.  Біз осы мәселелерді көтеріп жатырмыз», – деді Айсұлу Сүлеймен.

Сонымен қатар «Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы» аясында салынатын нысандарға тоқталды.

Бағдарламаның толық нұсқасын «ASTANA TV» телеарнасының YouTube арнасынан көре аласыздар.