Бүгін, 12:22
Жаңалықтар
Ауа райы күрт суытады: алдағы үш күнде бірқатар аймақта қар жауады
Солтүстік өңірлерде қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ орнайды
Фото: istockphoto.com
«Қазгидромет» алдағы үш күнде ауа райы күрт суытып, бірқатар өңірде қар жауатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағына солтүстік циклон ығысып келеді. Соның әсерінен алдағы үш күнде алдымен еліміздің батысында, кейін қалған өңірлерде күн суытады.
«Солтүстік өңірлерде қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ орнайды. 5-6 қараша күндері еліміздің батысында, солтүстік-батысында жаңбыр мен қар жауады. Сол сияқты 6 қарашада оңтүстік және орталық өңірлерде де қатты жаңбыр жаууы мүмкін», – делінген синоптиктердің болжамында.
Ауа температурасы мынандай болмақ:
- Батыста: түнде 0,+7°С, күндіз +3+14°С;
- солтүстік-батыста: түнде -1-8°С, күндіз +1+15°С;
- Солтүстік пен орталықта: түнде -3-8°С-тан +1+6°С-қа дейін жоғарылайды, күндіз +5+13°С-тан +1+10°С-қа дейін төмендейді;
- Шығыста: түнде -3-8°С-тан 0,+5°С-қа дейін, күндіз +3+8°С-тан +7+12°С-қа дейін.
- Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде: ауа температурасының айтарлықтай өзгермейді.
Көп оқылған
03.11.2026, 09:00
Ақ халатты жандарға жұдырық ала жүгірген: Қазақстанда дәрігерді ұрғандар қанша жылға сотталды
03.11.2026, 17:36
Ақтөбеде неке қию залына келген әйел адамды бұрын бірге тұрған серігі өлтіріп кетті
03.11.2026, 14:33
«Мен сіздерді ақша жинауға мәжбүрледім бе?»: Алматы облысында жолға жауаптылар тағы да «футбол» ойнап жүр (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды