Қара нарықтағы құны – 100 млн теңге: ер адам 11 ителгіні сөмкесіне тығып, шетел асырмақ болған (ВИДЕО)

Жымысқы ойын іске асырмақ болған Қазақстан азаматы қолға түсті

Қара нарықтағы құны – 100 млн теңге: ер адам 11 ителгіні сөмкесіне тығып, шетел асырмақ болған (ВИДЕО)
Фото: ҰҚК

Түркістан облысында қызыл кітапқа енген 11 ителгіні контрабандалық жолмен шетелге алып бара жатқан адам қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҰҚК-ның мәліметінше, олардың нарықтағы құны 100 млн теңгеден асуы мүмкін. Жымысқы ойын іске асырмақ болған Қазақстан азаматы қолға түсті.

«Аталған факті бойынша материалдар тиісті процестік шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға жолданды», – делінген ҰҚК хабарламасында.

Айта кетейік, бірнеше жыл бұрын ителгі құсын қазақ-өзбек және қазақ-қырғыз шекарасы арқылы арқылы Таяу Шығыс елдеріне сатпақ болған трансұлттық топ ұсталған. Сол кездегі мамандардың есебі бойынша олардың мемлекетке келтірген шығыны бірнеше миллиард теңгеге жеткен.