Жаңбыр, қар: 30 қазанда кей өңірде күн суытады

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз күн райы сақталады. Бірқатар өңірде ауа температурасы -9 градусқа дейін төмендейді

Жаңбыр, қар: 30 қазанда кей өңірде күн суытады
Фото: istockphoto.com

30 қазанда Қазақстан аумағында құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз күн райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр мен қар жауады. Күндіз ауа температурасы +1...+20 градус аралығында болса, түнде кей өңірлерде -9 градусқа дейін суытады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астанада құбылмалы бұлтты. Түнде аздаған жаңбыр мен қар жауады. Түнгі ауа температурасы -2...-4 градус, күндіз +7...+9 градус болады.

Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +1...+3 градус, күндіз +12...+14 градусқа дейін көтеріледі.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +4...+6 градус, күндіз +17...+19 градус болады.

Ақтөбеде күн ашық. Түнде ауа температурасы -4...-6 градус, күндіз +14...+16 градус болады.

Ақтауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз жел екпін алады. Түнде +6...+8 градус, күндіз +18...+20 градус болады.

Атырауда күн ашық, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +1...+3 градус, күндіз +17...+19 градусқа дейін көтеріледі.

Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -1...-3 градус, күндіз +9...+11 градус болады.

Қарағандыда құбылмалы бұлтты. Түнде аздаған жаңбыр мен қар жауады. Тұман түседі. Түнгі ауа температурасы -1...-3 градус, күндіз +3...+5 градус болады.

Көкшетауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -1...-3 градус, күндіз +8...+10 градус болады.

Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы -1...-3 градус, күндіз +12...+14 градус болады.

Қостанайда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -2...-4 градус, күндіз +11...+13 градус болады.

Қызылордада аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +1...+3 градус, күндіз +16...+18 градусқа дейін көтеріледі.

Павлодарда бұлтты. Түнде жаңбыр мен қар жауады. Түнгі ауа температурасы 0...+2 градус, күндіз +4...+6 градус болады.

Петропавлда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -2...-4 градус, күндіз +7...+9 градус болады.

Семейде бұлтты, жаңбыр мен қар жауады. Түнде ауа температурасы 0...+2 градус, күндіз +3...+5 градус болады.

Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -7...-9 градусқа дейін суытады, күндіз +13...+15 градус болады.

Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы 0...+2 градус, күндіз +13...+15 градус болады.

Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -1...-3 градус, күндіз +17...+19 градус болады.

Оралда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы -1...-3 градус, күндіз +15...+17 градус болады.

Өскеменде бұлтты, жаңбыр мен қар жауады. Түнде ауа температурасы -1...-3 градус, күндіз +1...+3 градус болады.