ТМА елдерінің президенттері Димаш Құдайберген мен Кырачтың концертін тамашалады

Түркі мемлекеттерінің өнерпаздары таңдаулы музыкалық шығармалар орындап, ұлттық билерін ұсынды

ТМА елдерінің президенттері Димаш Құдайберген мен Кырачтың концертін тамашалады
Фото: Ақорда

ТМҰ-ға мүше елдер басшылары түркі әлемі өнер шеберлерінің концертін тамашалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.

Концертте «Түркі әлемі» ансамблі мен Түркия Республикасы Президенттік симфониялық оркестрі Ұйымға мүше елдердің ең таңдаулы музыкалық шығармаларын орындады.



????Құрметті қонақтар түркі халықтарының ұлттық билерін тамашалады. Сондай-ақ іс-шара аясында түркиялық танымал әнші Кырач пен Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген өнер көрсетті.