Интимді видеоңды таратамын: Ақтөбеде ер адам экс-сүйіктісін бопсалап, 700 мың тг талап еткен (ВИДЕО)
Тағы бір ер адам танысын қорқытып, жарты млн теңге талап еткен
Ақтөбеде ер адам бұрынғы сүйіктісін туыстарыңа интимді видеоңды таратамын деп бопсалап, 700 мың теңге талап еткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция қызметкерлері бопсалаумен айналысып жүрген күдікті екі ер адамды қолға түсірді.
Олардың бірі Хромтау қаласында болған. Жаттықтырушы жігіт өзінің бұрынғы танысынан еш себепсіз жарты миллион теңге талап еткен. Ал сұраған ақшасын бермесе, өміріне зиян келтіретінін айтып қорқытқан.
Қолға түскен екінші күдікті Ақтөбе қаласында өзінің бұрынғы танысын интимді видеоларын туыстарына таратамын деп қорқытып, 700 мың теңге көлемінде ақша талап еткен.
«Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арнайы операция барысында екі ер адамды ақша алу кезінде ұстады. Қазіргі уақытта ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бопсалау ісі бойынша (ҚР ҚК 194-бабы) қозғалған қылмыстық істер аясында сотқа дейінгі-тергеп тексеру жүріп жатыр», – делінген облыстық ПД хабарламасында.
Ведомство мәліметіне сүйенсек, мұндай қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, 4 жылдан басталатын бас бостандығынан айыруға дейін жаза қарастырылған.