$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.08.2020, 13:30
Жаңалықтар

ДДСҰ Қазақстандағы коронавирус пен пневмония статистикасын қосып есептей бастады

Енді еліміздегі КВИ жұқтырғандар саны бірден 110 мыңға жуықтады

ДДСҰ Қазақстандағы коронавирус пен пневмония статистикасын қосып есептей бастады
Фото ашық дереккөзден

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанда COVID-19 вирусы анықталмаған, бірақ пневмонияға шалдыққан науқастар мен коронавирустық инфекция жұқтырған науқастардың статистикасын қосып есептей бастады.

Енді коронавирус белгілері бар, алайда, ПТР-тест теріс нәтиже көрсеткен пневмонияға шалдыққан науқастар да КВИ жұқтырғандармен бірге есептеледі. ДДСҰ-ның ресми сайтында осындай мәлімет келтірілген.

Ұйым сайтында соңғы тәуліктің мәліметтері жаңарған жоқ. Сондықтан Қазақстанда КВИ-мен ауырғандар саны 105,5 мың деп көрсетілген. Ал, еліміздегі ведомствоаралық комиссия 7 тамызда Қазақстанда 907 адамнан коронавирус анықталса, 1102 адам пневмониямен ауырып жатыр деген мәлімет келтірді. Яғни, елімізде вирус жұқтырғандар саны 109 939 адамды құрап отыр.

Серіктес жаңалықтары