Жаңбыр мен қар: 5 қазанға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Бірқатар өңірде жаңбыр аралас қар жауып, кей жерлерде жел күшейеді

Жаңбыр мен қар: 5 қазанға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com

5 қазанда Қазақстанда құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Бірқатар қалада жаңбыр, кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауады. Жекелеген өңірлерде найзағай мен екпінді жел болжанады. Ауа температурасы түнде 0-ден +15 °C-қа дейін, күндіз +2-ден +18 °C-қа дейін болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап. 

Астанада бұлтты, жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Екпінді жел соғып, күндіз өте қатты жел болады. Түнде ауа температурасы +3...+5 °C, күндіз 0...+2 °C.

Алматыда құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауады, түнде кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Екпінді жел соғады. Түнде +12...+14 °C, күндіз +8...+10 °C.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Түнде +13...+15 °C, күндіз +6...+8 °C.

Ақтөбеде құбылмалы бұлтты, жаңбыр күтіледі. Түнде +9...+11 °C, күндіз +2...+4 °C.

Ақтауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +16...+18 °C, күндіз +6...+8 °C.

Атырауда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Екпінді жел соғады. Түнде +13...+15 °C, күндіз +2...+4 °C.

Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Екпінді жел күтіледі. Түнде +8...+10 °C, күндіз +3...+5 °C.

Қарағандыда құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Екпінді жел соғады. Түнде +3...+5 °C, күндіз +3...+5 °C.

Көкшетауда құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Екпінді жел күтіледі. Түнде +3...+5 °C, күндіз 0...+2 °C.

Қонаевта құбылмалы бұлтты, жаңбыр және найзағай күтіледі. Түнде +12...+14 °C, күндіз +8...+10 °C.

Қостанайда құбылмалы бұлтты, жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын болады. Түнде +3...+5 °C, күндіз 0...+2 °C.

Қызылордада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +13...+15 °C, күндіз +6...+8 °C.

Павлодарда құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Түнде +8...+10 °C, күндіз +3...+5 °C.

Петропавлда құбылмалы бұлтты, жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Түнде +3...+5 °C, күндіз +1...+3 °C.

Семейде құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Екпінді жел соғады. Түнде +13...+15 °C, күндіз +6...+8 °C.

Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жаңбыр, найзағай, кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Түнде +13...+15 °C, күндіз +10...+12 °C.

Таразда құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр мен найзағай болады. Түнде +12...+14 °C, күндіз +8...+10 °C.

Түркістанда құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Күндіз екпінді жел соғады. Түнде +13...+15 °C, күндіз +8...+10 °C.

Оралда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +11...+13 °C, күндіз +2...+4 °C.

Өскеменде құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауады. Түнде +10...+12 °C, күндіз +8...+10 °C.