Астанада Zeekr мен автобус соқтығысып, төрт адам ауруханаға жеткізілді

Жол апаты бойынша тексеру жүргізіліп жатыр

Астанада Zeekr мен автобус соқтығысып, төрт адам ауруханаға жеткізілді
Фото: Видеодан скрин

Астанада Zeekr электромобилі мен қалалық автобус соқтығысып, салдарынан төрт адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 29 қыркүйекте Мәңгілік Ел даңғылы мен Хусейн бен Талал көшесінің қиылысында болған.

Полицияның мәліметінше, Zeekr көлігінің жүргізушісі Қабанбай батыр даңғылы жағынан келе жатқан. Бағдаршамның рұқсат беретін белгісіне солға бұрылған кезде ол қарсы бағытта келе жатқан Yutong автобусына жол бермеген. Соның салдарынан көліктер соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан Zeekr автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы, сондай-ақ автобустың екі жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді», – делінген хабарламада.

Zeekr автокөлігі коммуналдық тұраққа қойылды. Жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.