Айбек Оралбай Азия ойындарының финалына шықты

Ол жартылай финалда үндістандық боксшыны жеңді

Айбек Оралбай Азия ойындарының финалына шықты
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Отандасымыз 90 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғап жатыр.

Айбек жартылай финалда үндістандық Нарендермен қолғап түйістірді. Нәтижесінде қазақстандық спортшы төрешілердің шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бокстан финалдық жекпе-жектер 2 қазанда өтеді.