27.09.2026, 18:59
Жаңалықтар
Рудныйда азық-түлік дүкенінен өрт шықты
Оқиғадан зардап шеккендер жоқ
Фото: ТЖМ
Рудный қаласы Корчагин көшесінде орналасқан бес қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатындағы азық-түлік дүкенінен өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткен сәтте ғимарат іші ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері отты оқшаулау және сөндіру үшін дереу өрт сөндіру оқпандарын енгізді.
ТЖМ құтқарушыларының жедел әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында тілсіз жау 23 шаршы метр аумақта толығымен сөндірілді. Өртті сөндіру барысында мамандар қауіпті аймақтан 2 оттегі баллонын сыртқа алып шығып, ықтимал жарылыстың алдын алды.
Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Бүгін, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды