27.09.2026, 16:28
Жаңалықтар
Абай облысында «Этнохалық» этнофестивалі өтті
Фестивальге өңір студенттері қатысты
Фото: © istockphoto.com
Абай облысында қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрін дәріптеуге, ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған «Этнохалық» этнофестивалі өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Фестивальге өңір студенттері қатысты. Мәдени іс-шара барысында жастар ұлттық мәдениет пен салт-дәстүр туралы ән айтып, би билеп, өз өнерін ортаға салды.
Бағдарлама аясында ұлттық ойындар мен спорттық сайыстар да ұйымдастырылды.
Мұндай іс-шаралар ұлттық мәдениетті кеңінен насихаттауға, жастардың бастамаларын қолдауға, ел ішіндегі бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтуға ықпал етпек.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды