27.09.2026, 16:58
Жаңалықтар
Қазақстандық гимнастар Азия ойындарының финалына жолдама алды
Еліміздің намысын қорғаған екі спортшы да жоғары нәтиже көрсетті
Фото: Olympic.kz
Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында батуттағы гимнастикадан Қазақстан ерлер құрамасы іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, финалға шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Еліміздің намысын қорғаған екі спортшы да жоғары нәтиже көрсетіп, үздіктер қатарынан көрінді.
Іріктеу кезеңінде Роман Барков 56,64 ұпай жинап, жалпы есепте 6-орынмен финалға өтті. Ал Ерлан Тасмағамбетов 54,93 ұпай еншілеп, іріктеу кезеңін 7-орынмен аяқтады.
Екі қазақстандық гимнаст та жүлде сарапқа салынатын ақтық сында өнер көрсетеді. Финалдық сайыс қорытындысы бойынша медальдар жиынтығы мен суперфиналға өтетін үздік спортшылар анықталады.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды