Қазақстанға Ресейдің әскери дәрігерлері көмекке келді
Олар Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының әскери клиникалық госпитальдарына жіберіледі
Қазақстан мен Ресейдің әскери дәрігерлері коронавирус инфекциясымен күрес бойынша бірлескен жұмысқа кірісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақстан мен Ресей қорғаныс ведомстволары басшыларының әскери-медициналық ынтымақтастық туралы келісіміне сәйкес Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының әскери клиникалық госпитальдарына COVID-19 коронавирус инфекциясы анықталған пациенттерді емдеуде тәжірибесі бар ресейлік анестезиолог-реаниматолог, инфекционист пен терапевттен тұратын әскери дәрігерлер тобы келді», - деп жазылған хабарламада.
Бағдарламада емделушілердің емдеу хаттамаларын зерделеу, әскери дәрігерлердің консультациясымен семинарлар өткізу және инфекциялық ауруларды диагностикалау мен емдеу саласында тәжірибе алмасу көзделген.