Шымкентте есірткі сайттарын жарнамалаған ер адам қолға түсті: ол 6 жылға сотталуы мүмкін (ВИДЕО)

Жарнамалық материалдарда жоғары жалақы төленетін жұмыс ұсынылған

Шымкентте есірткі сайттарын жарнамалаған ер адам қолға түсті: ол 6 жылға сотталуы мүмкін (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Шымкент қаласында есірткі жарнамасын таратып жүрген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тергеу барысында ер адамның қала аумағында есірткі сататын сайттардың жарнамасын жапсырып жүргені анықталды. Жарнамалық материалдарда жоғары жалақы төленетін жұмыс ұсынылып, есірткі заттарын таратуға қатысты интернет-ресурстардың мекенжайлары көрсетілген.

«Есірткі сайттарының жарнамасы бар жапсырмалар тәркіленді. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.

Полиция ескертеді: есірткіні, психотроптық заттар мен сол тектестерді насихаттау немесе жарнамалау – мүлкі тәркіленіп, 3 жылға дейігі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Білім беру ұйымдарында, сондай-ақ адамдар көп жиналатын нысандарда есірткі жарнамасын жапсырғаны және насихаттағаны, сондай-ақ бірнеше рет жасалған әрекеттер үшін – мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.