20.09.2026, 17:08
Жаңалықтар
Петропавлда бес қабатты үй өртенді
Өрт аумағы 7 шаршы метрді құраған
Фото: ТЖМ
Петропавл қаласы Шухов көшесі бойындағы бес қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтерлердің бірінен өрт шықты. Солтүстік Қазақстан облыстық ТЖД мәліметінше, пәтердегі жеке заттар мен жиһаздар жанып, өрт аумағы 7 шаршы метрді құраған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖД құтқарушылары баспалдақ маршы арқылы 6 адамды, оның ішінде 2 баланы аман-есен құтқарып алды. Сонымен қатар қауіпті аймақтан 31 адам, соның ішінде 9 бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды.
Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында тілсіз жау толығымен сөндірілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Мамандардың алдын ала болжамы бойынша, өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.
Көп оқылған
06.11.2026, 15:30
«Қарызым 150 млн еді»: 1 млрд теңгеден аса ақша жинаған Бадықованың жаңа күйеуі сырын жайып салды (ВИДЕО)
06.11.2026, 15:34
Немересін танымайды, қазір ішкен тамағын қазір ұмытады: Астанада деменция белгілері бар қарттарға арналған балабақша ашылды
06.11.2026, 12:43
Ақтөбеде ер адамның экс-әйелін өлтіріп кеткені туралы ақпарат тарады
06.11.2026, 10:59
«Адам сенгісіз оқиға»: Алматының дәрігерлері 8-қабаттан құлаған 13 жастағы бозбаланы аман алып қалған
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды