Бүгін, 16:22
Жаңалықтар
Павлодарда КамАЗ жеңіл көлікті мыжып өтті: бір адам қаза тауып, екеуі жараланды
Қайғылы оқиға 29 тамыз күні сағат 08:00-де болды
Фото: t.me/irbistvcomm
Павлодарда адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Irbistv.kz сайтының мәліметінше, жол апаты Циолковский көшесінде болған. Жеңіл көлік пен КамАЗ жүк көлігі соқтығысқан.
«29 тамыз күні сағат 08:00-де жол-көлік оқиғасы туралы шақырту түсті. Шақыртуға жеделдіктің бірінші санаты бойынша жедел жәрдем бригадасы жіберілді. Оқиға орнына 9 минутта жеттік. Медицина қызметкерлері оқиға орнында 1999 жылы туған ер адамның қайтыс болғанын анықтады. Апатқа ұшыраған тағы екі адам – 1981 және 1999 жылы туған ер адамдар тексеруден кейін ауруханаға жатқызуды қажет етпеді», – деді жедел жәрдем қызметі агенттікке берген түсініктемесінде.
Көп оқылған
30.08.2026, 06:23
Абылайхан Жұбаназар Лозаннада Қазақстанға тарихи жеңіс сыйлады
30.08.2026, 13:23
Ұлыбританиядан Моңғолияға дейін: Кеншілер күні Қарағандыға 250 мың көрермен жиналды
30.08.2026, 22:21
Кипр жағалауында аударылған кемеде Қазақстан азаматтары бар ма: ҚР СІМ жауап берді
30.08.2026, 08:29
Жезқазғанда өнеркәсіптік кәсіпорын аумағында өрт шықты (ВИДЕО)