Ақтөбеде жүргізуші куәлігінен айырылған жас жігіт қайта рульге отырған: ол есірткі қолданған күйде ұсталды

Ол енді жүргізуші куәлігінен өмір бойына айырылуы мүмкін

Ақтөбеде жүргізуші куәлігінен айырылған жас жігіт қайта рульге отырған: ол есірткі қолданған күйде ұсталды
Фото: istockphoto.com

Ақтөбеде көлік жүргізу құқығынан айырылған 23 жастағы жүргізуші есірткілік масаң күйде рөлге қайта отырып, ұсталды. Полиция оны Әбілқайыр хан даңғылында тоқтатқан. Тексеру кезінде көліктен травматикалық тапанша да табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тексеру барысында жүргізушінің жағдайы полиция қызметкерлерінің күдігін тудырған. Жүргізілген медициналық куәландыру нәтижесінде ер адамның көлікті есірткілік масаң күйде басқарғаны анықталды.

Сонымен қатар, сегіз ай бұрын жас жігіттің осыған ұқсас құқық бұзушылық жасағаны үшін көлік құралын басқару құқығынан жеті жыл мерзімге айырылғаны анықталды. Соған қарамастан, ол қайтадан рөлге отырып, өзінің ғана емес, жол қозғалысына басқа да қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген.

«Көлікті тексеру барысында травматикалық тапанша да табылды. Аталған факті бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Жүргізушінің әрекетіне құқықтық баға беріледі. Қазіргі уақытта жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жүргізушіге көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айыру, сондай-ақ бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», – делінген ШҚО ПД агенттік тілшісіне берген мәліметінде.

Полиция департаменті азаматтарға көлік құралын есірткілік немесе алкогольдік масаң күйде басқару заңның өрескел бұзылуы