Жамбыл облысында балық өсіретін кәсіпкерлерге 119 млн теңге субсидия төленбей келген

Іске прокуратура араласты

Жамбыл облысында балық өсіретін кәсіпкерлерге 119 млн теңге субсидия төленбей келген
Фото: © freepik.com

Жамбыл облысында балық өсірумен айналысатын кәсіпкерлердің мемлекеттен берілетін субсидияны алуына прокуратура араласты. Табиғатты қорғау прокуратурасы кәсіпкерлерге тиесілі қаржының уақытында төленбегенін анықтаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыста мемлекеттік қолдау алуға өтініш берген кәсіпкерлердің бір бөлігі субсидиясын уақытында ала алмаған. Соның салдарынан, балық өсіретін 17 шаруашылыққа субсидия берілмеген.  Кәсіпкерлер балыққа арналған жем мен субсидиялау талаптарында көрсетілген өзге де қажетті заттарды сатып алуға жұмсаған шығынын өтеу үшін мемлекеттен қолдау сұраған.

Прокурорлардың араласуынан кейін 9 кәсіпкерге жалпы сомасы 119 млн теңге субсидия төленді. Қалған кәсіпкерлерге тиесілі қаржыны өтеу бойынша да тиісті шаралар қабылданып жатыр.

Прокуратура кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғауға бағытталған жұмысты жалғастыратынын мәлімдеді.