28.08.2026, 11:05
Жаңалықтар
Шұғыл: Қазақстан Үкіметі өкілеттігін тоқтатты
Тоқаев жарлыққа қол қойды
Фото: primeminister.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Үкіметінің өкілеттігін тоқтату туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорданың мәліметінше, Қазақстан Республикасы Конституциясының 69-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Құрылтайының алдында Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндеттерін атқаратын болсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Көп оқылған
25.11.2026, 07:39
Елордада жел 28 м/с-қа дейін күшейеді: үш күнде ауа райы қалай өзгереді
25.11.2026, 15:22
«Хейттің тоқтайтын түрі жоқ»: Астанадағы самса цехының басшысы кінәсін мойындап, кешірім сұрады
