28.08.2026, 10:10
Жаңалықтар
Непалда апат кезінде жоғалып кеткен қазақстандықтар: ҚР СІМ тың мәлімет жариялады
Олардың бірі туристік топ құрамында екі ел арасындағы шекарадан өткен
Фото: Prabin RANABHAT / AFP via Getty Images
Сыртқы істер министрлігі Непал мен Қытай шекарасы аймағында із-түзсіз жоғалып кеткен Қазақстанның екі азаматшасын іздеу жұмысы жүріп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ведомство мәліметінше, екі қазақстандық табиғи апат орнаған Непал мен Қытай шекарасы аймағында болуы мүмкін. Қазір оларды іздестіру жұмысы жүріп жатыр.
«Осыған дейін хабарланғандай, олардың бірі туристік топ құрамында екі ел арасындағы шекарадан өткен. ҚР Сыртқы істер министрлігі жергілікті мемлекеттік органдармен арадағы жұмысты жалғастыруда, отандастарымыздың туыстарымен тұрақты байланыс орнатылған», – делінген министрлік хабарламасында.
Көп оқылған
25.11.2026, 07:39
Елордада жел 28 м/с-қа дейін күшейеді: үш күнде ауа райы қалай өзгереді
25.11.2026, 15:22
«Хейттің тоқтайтын түрі жоқ»: Астанадағы самса цехының басшысы кінәсін мойындап, кешірім сұрады
