27.08.2026, 10:20
Жаңалықтар
Құрылтай депутаты болған азаматтар бұрынғы лауазымдарынан босап жатыр
Ақорда арнайы хабарлама жариялады
Фото: parlam.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай депутаты болған азаматтарды бұрынғы лауазымдарынан босатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорданың мәліметінше, мемлекет басшысының жарлығымен Сатыбалды Ересұлы Бұршақов Қазақстан Республикасының Солтүстік Македония Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Дархан Мейрамұлы Ахмедиев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары, Абай Алтай Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары, Ербол Дәненұлы Адаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі лауазымдарынан босатылды.
Айта кетейік, «Әділет» партиясынан Құрылтай депутаттығына кімдер өткені анықталып, ресми тізімі жарияланды.
Көп оқылған
26.11.2026, 11:04
«Жейдесінің сау тамтығы қалмаған»: Атырауда әйелін 28 жерінен пышақтаған ер адамның сотында сұмдық айғақтар жария болды
26.11.2026, 09:05
Бүгін түнде Алматыда бес адам, соның ішінде бір бала тірідей жанып кетті
26.11.2026, 14:30
«Папам мамама пышақ тықты»: Атырауда әкесі үш жасар қызын бір тәулік бойы мәйіттің жанына жалғыз тастап кеткен
26.11.2026, 13:49
«Қаза тапқан бала 4-сыныпта оқитын қыз еді»: Алматыдағы алапат өрттің куәгерлері қорқынышты түнді еске алды
