$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.08.2020, 14:32
Жаңалықтар

Жақсылық Үшкемпіров Кеңсайға жерленді

1980 жылы Мәскеуде өткен Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров 2 тамызда қайтыс болды

Жақсылық Үшкемпіров Кеңсайға жерленді
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің хабарлауынша, бүгін Жақсылық Үшкемпіровті ақтық сапарға шығарып салу рәсімі болып, марқұм Кеңсайға жерленген. 

«Бүгін аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, Олимпиада чемпионы Жақсылық аға Үшкемпіровті ақтық сапарға аттандырдық. Кеңсайға қойылды. Аты ғана емес, заты да Жақсылық еді жарықтықтың. Мені еркелетіп "бала" дейтін. "Бала, қалайсың?" деп арқамнан қағатын. Қазақтың "Жақсыда жаттық жоқ" деген сөзінің мәнін мен осы кісіге қарап бағамдадым. Қаймана қазақты жатсынбай, бауырына тартатын. Ұлтты бөлмей сүйетін. Қашан көрсең жарқылдап жүретін. Өзі айтқандай, Жақсылық ағамыздай бес мың жігіт болса, күллі қазақ ауылдарын дүркіретіп көтеруге болады», - деп жазды ол.

Жақсылық Үшкемпіров 1951 жылы 6 мамырда Қазақ КСР-і, Жамбыл облысы Свердловск ауданы Чапаев кеңшарында дүниеге келген. Ол грек-рим күресінің палуаны, спорт шебері (1971), Халықаралық спорт шебері (1975), Еңбек сіңірген спорт шебері (1980), алтын медальге иеленген қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы (Мәскеу, 1980), Әлем чемпионы (1981), Әлем кубогының күміс жүлдегері (1982), екі дүркін Кеңес Одағының чемпионы (1975, 1980), Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

Серіктес жаңалықтары