25.08.2026, 15:56
Жаңалықтар
Қостанай облысында мотоцикл жүргізушісі КамАЗ астына түсіп, қаза тапты
Жүк көлігінің жүргізушісі маневр жасау кезінде мотоциклді байқамай қалған
Фото: Қостанай облысы ПД
Қостанай облысында КамАЗ бен мотоцикл соқтығысып, мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Alau.kz-ке сілтеме жасап.
Апат Қостанай облысындағы КАЗ-19 автожолында, Семилетка ауылының маңында болған.
Полицияның алдын ала мәліметінше, жүк көлігінің жүргізушісі маневр жасау кезінде оның қауіпсіз екеніне көз жеткізбеген. Соның салдарынан мотоцикл жүргізушісімен соқтығысқан.
Алған жарақаттары салдарынан мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.
Аталған факті бойынша тергеу басталды. Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасының себептері мен барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)