АҚШ пана сұраған 200 мың адамның визасын жоюды жоспарлап отыр

Ел B1/B2 визаларын анықтау жүргізілмек

АҚШ пана сұраған 200 мың адамның визасын жоюды жоспарлап отыр
Фото: Freepik

АҚШ президентінің әкімшілігі елде баспана сұрап өтініш берген немесе оны алу процесінде жүрген 200 мыңға жуық шетелдіктің туристік және іскерлік визаларының күшін жоюды көздеп отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Associated Press агенттігі мемлекеттік департаменттің құжаттарына сүйеніп хабарлады.

АҚШ-қа қысқа мерзімді сапармен келіп, кейін тұрақты қалу үшін пана сұраған азаматтардың B1/B2 визаларын анықтау және жою көзделіп отыр.

Бұл соңғы 10 жылда алынған B1/B2 туристік және іскерлік визалар иелеріне бағытталған.

Визаның күшін жою бұл адамдарды бірден депортациялауды білдірмейді. Олар тек турист, іскерлік қонақ статусынан айырылып, басқа санатқа ауыстырылады.

Мемлекеттік департамент пен ұлттық қауіпсіздік министрлігі бұл шараларды алдағы апталарда ресми түрде жарияламақ.