Магистратура бойынша мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі қашан шығады: министрлік жауап берді
Қазақстанда 2026–2027 оқу жылына арналған магистратураның мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссия отырысы аяқталды
Қазақстанда 2026–2027 оқу жылына арналған магистратураның мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссия отырысы аяқталды. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек конкурстық іріктеу қорытындысы қашан шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Биыл магистратура гранттарына өтініш берушілер қатары едәуір артқан. Конкурсқа қатысуға 23 мыңға жуық өтініш түсіп, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3 мыңға ұлғайды.
Ең көп сұранысқа ие білім беру бағыттарының қатарында педагогикалық ғылымдар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ), сондай-ақ инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары бар.
Гранттарды бөлу процесі министрлік, мемлекеттік органдар, кәсіподақтар, «Атамекен» ҰКП және қоғамдық ұйым өкілдерінің қатысуымен ашық әрі конкурстық негізде жүргізілді.
Грант иегерлерінің ресми тізімі 24 тамыз күні сағат 15:00-де Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің ресми Telegram, Facebook және Instagram парақшаларында жарияланады.