Қазақстанда eGov пен меморгандардың сайттары жұмыс істемей қалды ма: ҰАТ мәлімдеме жасады

Ақау сыртқы интернет-трафиктің жоғары белсенділігіне байланысты болған

Қазақстанда eGov пен меморгандардың сайттары жұмыс істемей қалды ма: ҰАТ мәлімдеме жасады
Фото: gov4c.kz

Қазақстанда электронды үкімет порталы мен бірқатар мемлекеттік цифрлық ресурс уақытша жұмыс істемей қалды. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Ақау сыртқы интернет-трафиктің жоғары белсенділігіне байланысты болған. Қазақстанның интернет-ресурстарын қорғау үшін арнайы механизмдер іске қосылған.

«Олар сыртқы белсенділікке дер кезінде жауап беріп, ұлттық цифрлық инфрақұрылымның қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Трафик қалпына келтірілді, ресурстарға қолжетімділік штаттық режимде жүзеге асырылып жатыр. Мамандар жағдайды бақылауды және цифрлық сервистерге тұрақты қолжетімділікті қамтамасыз ету жұмысын жалғастыруда», – делінген хабарламада.

Компания өкілдері ақаулар болғаны туралы ақпаратты растамады.