«Ауыл» партиясы Павлодарда білім және ғылым саласының өзекті мәселелерін талқылады
Жиында ауылдық жерлер мен агроөнеркәсіптік кешенге кадр даярлауға ерекше назар аударылды
«Ауыл» партиясының төрағасы, Құрылтай депутаттығына кандидат Қайрат Айтуғанов Павлодарда ғылыми қауымдастық өкілдерімен, профессорлар және оқытушылармен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесуде өңірлерге қажетті мамандарды даярлау, отандық ғылымды дамыту және білім беру жүйесін экономиканың нақты секторымен байланыстыру мәселелері сөз болды. Сонымен қатар ауылдық жерлер мен агроөнеркәсіптік кешенге кадр даярлауға ерекше назар аударылды. Партия аграрлық колледждер мен жоғары оқу орындары базасында мамандарды оқыту және қайта даярлау бағдарламаларын кеңейтуді ұсынады.
Кездесуде ауыл жастары үшін заманауи кәсіптік білімнің қолжетімділігін арттыру мәселесі де көтерілді.