21.08.2026, 03:14
Жаңалықтар
Қызылордада «Байтақ» еріктілері үгіт-насихат жұмысын күшейтті
Тұрғындарға сайлауалды бағдарлама да түсіндірілді
Фото: «Байтақ» партиясының баспасөз қызметі
Қызылорда облысында «Байтақ» партиясының еріктілері сайлауалды үгіт-насихат жұмысын белсенді жүргізіп жатыр. Олар қала тұрғындарына партияның сайлауалды бағдарламасы мен негізгі бағыттарын түсіндіріп, ақпараттық материалдар таратты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қала көшелерін аралаған белсенділер партияның экологиялық бастамаларын түсіндіріп қана қоймай, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған нақты ұсыныстар жайлы айтты.
Партия өкілдерінің сөзінше, үгіт-насихат науқанында бұқарамен тікелей тілдесудің маңызы зор. Осылайша жасылдар халықты алаңдатқан өзекті түйткілдерді анықтайды.
«Кейін шешу жолдарын іздеп, нақты жоспар құрамыз», – дейді олар.
Көп оқылған
19.11.2026, 13:32
«Жансейіт Түймебаевтың арқасы»: Тоқаев Серіктестер форумында ҚазҰУ ректоры туралы сөз қозғады
19.11.2026, 10:00
Ет - етке, сорпа - бетке: Астанаға мал сойып әкелетін делдалдар базардағы бағаға қалай ықпал етеді
19.11.2026, 12:32
Бас мүфти Астананың тамадаларын жинап алып, тойдағы ұятсыз ойындар туралы сөйлесті
19.11.2026, 17:27
Астанада қызметкерін жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген полковник 6 млн теңге айыппұл арқалады
19.11.2026, 09:29
Марқакөлде балалардың көзінше сынып жетекшісін балағаттаған оқушы 30 мың теңге айыппұл төлейтін болды
19.11.2026, 07:37
Елордада тұман түсіп, Шымкентте жаңбыр жауады - синоптиктер болжамы
