Алты облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
4 тамыз күні бірнеше облыста қатты жел соғып, кейбірінде күн ыстық болады

Қазақстанның алты облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
4 тамызда Маңғыстау облысынының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
4 тамызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз облыстың оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық болуы ықтимал, өте жоғары өрт қаупі сақталады.
4 тамызда күндіз Қызылорда облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, қатты жаңбыр, бұршақ жаууы ықтимал. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
4 тамызда күндіз Солтүстік Қазақстан облысында 35-36 градус қатты ыстық болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.