Бүгін, 17:15
Жаңалықтар
Астанада Қошқарбаев даңғылына автобус жолағы енгізілетін болды
Арнайы бөлінген жолақ қоғамдық көліктің кедергісіз жүруіне мүмкіндік береді
Фото: istockphoto.com
Астанада 20 тамыздан бастап Р. Қошқарбаев даңғылының Тәуелсіздік даңғылынан М. Төлеубаев көшесіне дейінгі бөлігінде автобус жолағы енгізіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Арнайы бөлінген жолақ қоғамдық көліктің кедергісіз жүруіне мүмкіндік беріп, оның жұмыс тиімділігін арттыруға, жол жүру уақытын қысқартуға және жолаушылар үшін қатынасты барынша қолайлы етуге бағытталған.
«Осыған байланысты жүргізушілерден аталған учаскедегі жол қозғалысы тәртібінің өзгеретінін алдын ала ескеріп, жол белгілері мен жол таңбаларының талаптарын қатаң сақтауды сұрайды», – делінген әкімдік хабарламасында.
Көп оқылған
19.08.2026, 11:54
ШҚО-да экс-сүйіктісін үш ай бойы аңдып, күні-түні маза бермеген ер адам ақыры сотталып тынды
Бүгін, 10:49
19 жыл бойы жатқан: Алматы тауларындағы мұздықтан табылған альпинистің кім екені анықталды