Жаңбыр, бұршақ және аптап ыстық: 20 тамызда дауылды ескерту жарияланды

Елдің бірқатар өңірінде нөсер мен бұршақ күтілсе, батыс пен оңтүстікте аптап ыстық сақталады

Жаңбыр, бұршақ және аптап ыстық: 20 тамызда дауылды ескерту жарияланды
Фото: © istockphoto.com

20 тамызға синоптиктер Астана мен Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жариялады. Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде жаңбыр, найзағай, бұршақ жауып, жел күшейеді. Кей жерлерде қатты жаңбыр мен тұман болжанады. Оңтүстік пен батыста қатты ыстық сақталады. Көптеген облыста жоғары және төтенше өрт қаупі бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астанада кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауып, жел күшейеді. Түнде солтүстік пен шығыста қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең батыста, солтүстікте және шығыста тұман түседі. Батыс пен оңтүстікте жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда түнде және таңертең жаңбыр, найзағай және тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түседі, күндіз жел күшейеді. Түнде және таңертең батыс пен солтүстікте тұман түседі. Батыс пен шығыста жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қостанай облысының оңтүстігі мен шығысында түнде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең батыс пен солтүстікте тұман түседі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, ал оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және орталықта төтенше өрт қаупі бар.

Павлодар облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, батыста, оңтүстікте және орталықта қатты жаңбыр жауып, бұршақ түседі. Оңтүстік пен шығыста жоғары, орталықта төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде кей уақытта қатты жаңбыр жауып, бұршақ түседі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей уақытта қатты жаңбыр жауып, бұршақ түседі және жел күшейеді. Түнде және таңертең солтүстік пен шығыста тұман түседі. Батыста, шығыста және оңтүстікте төтенше, солтүстік-батыс пен орталықта жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей уақытта қатты жаңбыр жауып, бұршақ түседі.

Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда да төтенше өрт қаупі бар.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, жел күшейеді. Солтүстік-батыс пен орталықта жоғары, шығыс пен оңтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және бұршақ түседі.

Абай облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, жел күшейеді. Облыс бойынша жоғары, оңтүстік пен орталықта төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Алматы облысының оңтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, таулы аудандарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Күндіз облыста ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Батыс пен солтүстікте төтенше, оңтүстікте, шығыста және орталықта жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта күндіз 35 градусқа дейін қатты ыстық болып, жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматыда таңертең және күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жоғары өрт қаупі сақталады. Іле Алатауы тауларында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Жетісу облысының таулы аудандарында күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы 36 градусқа дейін көтеріледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда күндіз 36 градусқа дейін қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Төтенше өрт қаупі сақталады, шығыста жоғары өрт қаупі бар. Таразда төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында да төтенше өрт қаупі бар.

Ақтөбе облысының солтүстігі мен батысында күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы 38 градусқа дейін көтеріледі. Орталықта жоғары, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде күндіз 35 градусқа дейін қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында күндіз ауа температурасы 38 градусқа дейін көтеріледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда күндіз 35 градусқа дейін қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстігі мен орталығында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы 40 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстікте, оңтүстікте және орталықта төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, жел күшейеді. Ауа температурасы 37 градусқа дейін көтеріледі. Төтенше өрт қаупі сақталады, солтүстік пен солтүстік-батыста жоғары өрт қаупі бар. Оралда күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, жел күшейеді.