19.08.2026, 14:53
Жаңалықтар
Алтайда аю турист әйелді талап өлтiрдi
Бұл жайлы ТЖМ өңірлік басқармасы хабарлаған
Фото: istockphoto.com
Ресейдің Алтай Республикасындағы Артыбаш кентінің маңында аю Новосибирск облысынан келген 29 жастағы турист әйелді шатырынан суырып алып, талап өлтiрдi, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Оқиға сәрсенбіге қараған түні Алтай Республикасындағы Артыбаш кентінің маңында болған. Аю 1996 жылы туған әйелді шатырдан сүйреп шығып, мерт қылды», - деп атап өтті Ресейдің ТЖМ.
ТАСС хабарлағандай, мекеме өкілдері қаза тапқан азаматшаның Новосибирск облысының тұрғыны екенін нақтылады.
Көп оқылған
02.10.2026, 16:53
«Сотқа күйеуінен сұранбай келе ме?»: Данияр Кенжеұлы Роза коучты кезекті рет сынға алды
02.10.2026, 17:32
«Таспен қуып, өлтіремін деп қорқытты»: Алматыда ішіп алған ер адам бойжеткенге шабуыл жасады (ВИДЕО)