«Ақ жол» мүшелері Ақтөбе облысында кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін талқылады
Штаб өкілдері еңбек ұжымының ұсыныстары мен пікірлерін тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша өз ұстанымдарын білдірді
«Ақ жол» демократиялық партиясы Ақтөбе облыстық штабының өкілдері «Бизнес қолдау» ЖШС еңбек ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесуге партияның Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Ұлан Қозыбақов, сондай-ақ штаб мүшелері Асқар Тілеубергенов пен Жұлдыз Баубекова қатысты.
Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, отандық кәсіпкерлікті қолдау, шағын және орта бизнестің дамуына жағдай жасау, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және бизнестің әкімшілік кедергілерін азайту мәселелері талқыланды.
Штаб өкілдері еңбек ұжымының ұсыныстары мен пікірлерін тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша өз ұстанымдарын білдірді.
«Ақ жол» партиясы кәсіпкерлікті экономикалық өсімнің негізгі қозғаушы күштерінің бірі ретінде қарастырып, отандық бизнестің дамуына қолайлы жағдай қалыптастыруды өз бағдарламасының маңызды басымдықтарының бірі санайды.