«Ақ жол» өкілдері «The Forma» тігін өндірісінің ұжымымен кездесті

Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды

«Ақ жол» өкілдері «The Forma» тігін өндірісінің ұжымымен кездесті
Фото: «Ақ жол» партиясы/Видеодан скрин

«Ақ жол» демократиялық партиясы Ақтөбе облыстық штабының өкілдері арнайы киімдер мен униформалар тігумен айналысатын «The Forma» тігін өндірісінің еңбек ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кездесуге «Ақ жол» демократиялық партиясы Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Ұлан Қозыбақов, штаб мүшелері Асқар Тілеубергенов пен Жұлдыз Баубекова қатысты.

Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, отандық өндірісті дамыту, жеңіл өнеркәсіпті қолдау, кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай қалыптастыру және жергілікті өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері талқыланды.

«The Forma» ұжымы өз өндірісінің ерекшеліктері мен жұмыс барысы туралы айтып, саладағы өзекті мәселелер мен кәсіпкерлерді алаңдататын сұрақтарды ортаға салды.

Штаб өкілдері еңбек ұжымының ұсыныстары мен пікірлерін тыңдап, кәсіпкерлікті дамыту мен отандық өндірушілерді қолдау «Ақ жол» партиясының негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті.

Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныстарын білдірді.