ЖСДП Алматы облысында тұрғындардың мәселелерін тыңдады

Кездесу аясында ЖСДП өкілдері кооператив көшелері мен аулаларын аралап, ақпараттық материалдар таратты

ЖСДП Алматы облысында тұрғындардың мәселелерін тыңдады
Фото: ЖСДП баспасөз орталығы

Алматы облыстық Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) филиалының өкілдері «Қапшағай Алтын Алма» тұтыну кооперативінің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жиында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық мәселелері мен азаматтардың құқықтарын қорғауға қатысты ұсыныстары тыңдалды.

Кездесу аясында ЖСДП өкілдері кооператив көшелері мен аулаларын аралап, ақпараттық материалдар таратты. Партия бағдарламасымен тұрғындар өздеріне ыңғайлы уақытта танысуы үшін материалдар жергілікті дүкенге де орналастырылды.

Партия өкілдерінің айтуынша, кооператив тұрғындарына бұған дейін де құқықтық және әлеуметтік мәселелер бойынша қолдау көрсетіліп келген. Алдағы уақытта да тұрғындардың өтініштерімен жұмыс жалғасады.

ЖСДП Алматы облыстық филиалы жергілікті жердегі мәселелерді тұрғындармен тікелей байланыс арқылы анықтап, олардың ұсыныстарын партия жұмысына ескерудің маңызын атап өтті.