18.08.2026, 23:15
Жаңалықтар
ҚХП өкілдері шаруа қожалығының еңбек ұжымымен кездесу өткізді
Кездесуде ауыл шаруашылығын дамыту мәселесі көтерілді
Фото: ҚХП/Видеодан скрин
Қазақстан Халық партиясының сайлауалды науқаны аясында Қарағанды облысына қарасты Абай ауданының Поливное ауылындағы «Поливное» шаруа қожалығының еңбек ұжымымен кездесу өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесу барысында Құрылтай депутаттығына кандидат Халел Мақсұтов және Қазақстан Халық партиясы Жастар қанатының өкілі Төлеген Алтынмұрат партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
Кездесуде ауыл шаруашылығын дамыту, еңбек ұжымдарының мәселелері, ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайы және өңірдің өзекті мәселелері талқыланды. Шаруа қожалығының еңбек ұжымы өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, кандидаттарға өздерін толғандырған сұрақтарын қойды.
Көп оқылған
03.10.2026, 06:18
Жамбыл облысында жүк пойызы 70 қойды қағып кетті
03.10.2026, 16:30
4 қазан күні ауа райы қандай болады
03.10.2026, 12:31
Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті бес жылдан кейін Қазақстанға қайтарылды
03.10.2026, 20:18
4 қазанда бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
03.10.2026, 18:30
Шымкентте дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды