ҚХП мүшесі Алматыда аурухананы аралап, жұмыс барысымен танысты

Ол науқастардың денсаулық жағдайы мен ем алу барысы туралы ақпарат алды

ҚХП мүшесі Алматыда аурухананы аралап, жұмыс барысымен танысты
Фото: ҚХП/Видеодан скрин

Құрылтай депутаттығына кандидат, басқарушы компанияның бас директоры Жұмағали Исмайылов Алматы көпбейінді клиникалық ауруханасының (АМКА) жансақтау бөлімін аралап, жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Аралау барысында ол жансақтау бөлімінде жатқан пациенттердің жағдайын көріп, медицина қызметкерлерімен тілдесті. Сондай-ақ науқастардың денсаулық жағдайы мен ем алу барысы туралы ақпарат алды.

Әсіресе жағдайы ауыр пациенттерге ерекше назар аударылды. Басқарушы компанияның бас директоры науқастардың жағдайын тұрақты бақылауда ұстаудың және медицина мамандарының үйлесімді жұмысының маңыздылығын атап өтті.

Мұндай жұмыс барысындағы аралаулар пациенттердің жағдайын және оларға қажетті медициналық көмектің көрсетілуіне қатысты мәселелерді тұрақты бақылауда ұстауға мүмкіндік береді.