Respublica Көкшетаудың балмұздағы және оны жасайтын еңбек адамдарымен кездесті

Кездесуде кәсіпкерліктің жауапкершілігі талқыланды

Respublica Көкшетаудың балмұздағы және оны жасайтын еңбек адамдарымен кездесті
Фото: Respublica партиясының баспасөз қызметі

Ал табиғи дәмі бала күнгі үйдің жылуын еске салатын майын ше? Бұл өнімдердің артында 60 жылдық тарих, 340 адамның еңбегі және тәулігіне 150 тонна сүт өңдейтін өндіріс тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Көкшетаудағы сүт зауыты — бүгінде бүкіл Қазақстанға танымал, талай адамның бала күнінен таныс отандық бренд.

Осы кәсіпорынға Respublica партиясының сайлауалды штабы барып, еңбек ұжымымен кездесті. Кездесуді Айтуар Қошмамбетов жүргізді. Құрылтай депутаттығына кандидаттар Даурия Байқонова, Айдос Доскалиев, Мейрамгүл Мәдәлі, Нұргүл Тау және Айдана Тоғызбаева сөз сөйледі.

Кездесуде кәсіпкерліктің жауапкершілігі, әйелдер кәсіпкерлігін қолдау, медицинаның қолжетімділігі және МӘМС жүйесіндегі төлемдердің ашықтығы туралы сөз болды. Сонымен қатар партияның осы бағыттарда атқарған жұмысы мен нақты шешімін тапқан әлеуметтік мәселелер айтылды.

Мейрамгүл Мәдәлі Respublica-ның жас партия екенін айтып, елді өзгерту үшін жай сөз емес, нақты іс керек екенін атап өтті. Оның айтуынша, партияның Парламенттегі үш жылдық жұмысы барысында бірқатар маңызды бастамалар жүзеге асты.

Бұл жерде бәрі көз алдымызда тұр: өндіріс бар, жұмыс бар, еңбек бар. Ал осындай кәсіпорындар  ел экономикасының тірегі.

Көкшетаудың балмұздағының дәмін қалыптастырып жүрген де, ел экономикасын алға сүйреп жүрген де осы еңбек адамдары.