Байтақтықтар Гидроэнергетика мен су ресурстарын ұтымды пайдалануды талқылады

Сондай-ақ энергетика саласына қатысты бастамаларға тоқталды

Байтақтықтар Гидроэнергетика мен су ресурстарын ұтымды пайдалануды талқылады
Фото: «Байтақ» партиясының баспасөз қызметі

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының Құрылтай депутаттығына кандидаты Владимир Мартель Алматы облысындағы Ш.Шоқин атындағы Қапшағай ГЭС ұжымымен кездесті. Жиынға 60-қа жуық адам қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Шарада кандидат партияның негізгі жұмыс бағыты мен сайлауалды бағдарламасын жан-жақты таныстырды. Сондай-ақ энергетика саласына қатысты бастамаларға тоқталды.

Тараптар гидроэнергетиканы дамыту, су ресурстарын ұтымды пайдалану, энергетикалық нысандардың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Сонымен қоса энергия тиімділігін арттыру және жаңартылатын энергия көздерінің Қазақстанның тұрақты дамуындағы рөлі сөз болды.

Кездесу ақпараттық-түсіндіру және пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар энергетика мен экология саласындағы өзекті мәселелер бойынша ой бөлісті.